ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСІНЕ ИННОВАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2023/42
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы инновациялардың (өндірістік, процесстік, ұйымдастырушылық, маркетингтік) еңбек өнімділігіне әсері қарастырылған. Жалпы елімізде тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарында инновация мен кәсіпорын өндірісі арасындағы байланысқа жеткіліксіз көңіл бөлінген. Зерттеу және талдау кезінде пайдаланылған деректер Бизнес ортасы мен кәсіпорынның тиімділігіне сауалнамадан (BEEPS V) және Еуропалық қайта құру және даму банкінен алынған. Сондай-ақ 2016-2018 жылдарға арналған Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері назарға алынды. Мақалада заманауи аналитикалық зерттеу әдістері, оның ішінде эконометрикалық және статистикалық әдістер, алынған нәтижелерді талдау және салыстыру әдістері қолданылады. Мақалада эконометрикалық талдау, модельдеу және бағалау нәтижелері қарастырылды. Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпорындарының (ШОК) өнімділігіне инновацияның, инвестицияның, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) оң әсері анықталды. Gretl бағдарламасы арқылы құрылған эконометриялық модель негізінде инновациялар (өнімдік және процесстік) ішкі шығындар ҒЗТКЖ-ға, патенттерге және фирма көлеміне оң әсер етеді. Сонымен қатар, фирманың көлеміне оң (әлсіз) әсер ететін инновациялар (ұйымдастырушылық және маркетингтік) анықталды. Е­лімізде и­нновациялық б­елсенділік д­еңгейін а­рттыру ү­шін т­амақ ө­неркәсібі к­әсіпорындары ө­з қ­ызметін ж­аңа н­емесе ж­етілдірілген ө­німдерді ш­ығаруды к­еңейтуге, ж­аңа т­ехнологияларды қ­олдану а­рқылы н­арықта б­әсекеге қ­абілетті ж­оғары с­апалы ө­нім ө­ндіруге б­ағытталуы қ­ажет.