Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы инновациялардың (өндірістік, процесстік, ұйымдастырушылық, маркетингтік) еңбек өнімділігіне әсері қарастырылған. Жалпы елімізде тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарында инновация мен кәсіпорын өндірісі арасындағы байланысқа жеткіліксіз көңіл бөлінген. Зерттеу және талдау кезінде пайдаланылған деректер Бизнес ортасы мен кәсіпорынның тиімділігіне сауалнамадан (BEEPS V) және Еуропалық қайта құру және даму банкінен алынған. Сондай-ақ 2016-2018 жылдарға арналған Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері назарға алынды. Мақалада заманауи аналитикалық зерттеу әдістері, оның ішінде эконометрикалық және статистикалық әдістер, алынған нәтижелерді талдау және салыстыру әдістері қолданылады. Мақалада эконометрикалық талдау, модельдеу және бағалау нәтижелері қарастырылды. Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпорындарының (ШОК) өнімділігіне инновацияның, инвестицияның, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) оң әсері анықталды. Gretl бағдарламасы арқылы құрылған эконометриялық модель негізінде инновациялар (өнімдік және процесстік) ішкі шығындар ҒЗТКЖ-ға, патенттерге және фирма көлеміне оң әсер етеді. Сонымен қатар, фирманың көлеміне оң (әлсіз) әсер ететін инновациялар (ұйымдастырушылық және маркетингтік) анықталды. Елімізде инновациялық белсенділік деңгейін арттыру үшін тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары өз қызметін жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді шығаруды кеңейтуге, жаңа технологияларды қолдану арқылы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнім өндіруге бағытталуы қажет.