ДАУЫСТЫҚ АУТЕНТИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІН МИКРОКОНТРОЛЛЕРДЕ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТЕ ҚОРҒАУ ӘДІСІН ЖЕТІЛДІРУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-125-2-223-232
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада дауыстық аутентификациялық жүйені Arduino Mega микроконтроллерде жасау және ақпараттарды жасанды интеллекте қорғау әдісін жетілдіру және оны практикалық тұрғыдан жүзеге асыру жазылған. Дауыстық аутентификациялық жүйесін аұпараттық және бағдарламалық қорғау әдістерінің өзектілігі мен негізгі мәселелерін жетілдіру ұсынылған. Сонымен қатар дауыстық аутентификациялық жүйесін микроконтроллерде жасанды интеллект негізінде қорғау әдісін іске асыруы мен оны зерттеу әдістері және мәселені шешу берілген. Дауыстық аутентификациялық жүйені Arduino Mega микроконтроллерде жазуда арнайы микрофон мен V3 модульдің біріктірілен платасы, UART протоколдардың түрлі және электронды жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі пайдаланылған. Мысал ретінде мобильді телефондардағы дауыстық интерфейстер мен интеллектуалды танып білу әдістерін верификациялық тексерудің жолдары берілген. 21 ғасырда мобильді телефондардағы дауыстық аутентификациялық жүйе технологиясының өзектілігі мен жүйені ақпараттық қорғаудің тиімділігі қарастырылған. Жасанды интеллект негізінде дауыстарды тану және салыстыру алгоритмдері мен дауыстық сөйлемдерді дқрыстығына көз жеткізу үшін верификациялау әдістерін іске асыру берілген. Дауыстық аутентификация жүйелеріне ақппараттық қорғау үшін дауыстық сигналдарды тексеруге арналған фильтирлер және оны іске асырудағы аппараттық жабдықтау құралдары мен компьюттерлік бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі қолданалады. Дауыстық деректерді жіберу-тарату жүйесіне шабуылшылар тарапынан бұзу қауіпі мен жүйені алдын ала қорғау әдістері жазылған. Мобильді телефондардағы дауыстық аутентификация жүйелерін жүзеге асыруда әр түрлі дауыстардың жиынтығын салыстыру арқылы ақиқат немесе жалған екендігін анықтайтын тестілеу әдістерді мен дауыстарды танып білуді жүзеге асыратын жасанды интеллект жүйесінің нейрондық желімен орындалатын алгоритмі жасалды. Сонымен қатар дауыстық аутентификациялық жүйенің қолдану аясы мен ақпараттық қорғаудың тиімділіктері және осал түстары айтылған. Мақалада ғылыми зерттеу әдістері мен оны практикалық тұрғыдан жүзеге асыру, мәселелерді талдау мен нәтижелерді алудағы шешімдер жазылған.