ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ТУЫНДАТАТЫН НЕГІЗГІ ҚАУІП-ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЫ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2023.45.95.018
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

COVID-19 коронавирус инфекцияның қоздырғышы — жаңа SARS-CoV-2 вирусы болып табылады. 2020 жылы наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекцияның пандемиясын жариялайды (SARS-CoV-2). 2021 жылдың наурыз айында бүкіл әлемде 119 миллион адам осы инфекциямен ауырып, 94,7 миллион адам сауығып, 2,6 миллион адам қайтыс болады. Қазақстанда бұл инфекциямен 1,39 млн адам ауырып, 1,29 млн адам сауықты, 19 мың адамда ауру өліммен аяқталды. Зерттеудің мақсаты: COVID-19 жағдайында туындайтын жүктілік кезіндегі асқынуларға медициналық әлеуметтік тұрғыдан баға беру және COVID-19 ауырған жүкті әйелдердегі жүктіліктің және босанудың ағымы бойынша ретроспективті талдау жүргізу. Зерттеудің материалдары мен әдістері: Жүкті әйелдердегі COVID-19 инфекцияның негізгі қауіпқатер факторларын зерттеу үшін COVID-19 инфекцияның клиникалық белгілері бар жүкті әйелдер мен дені сау жүкті әйелдердің клинико-анамнездік және медико-әлеуметтік белгілері бойынша талдаулар негізінде анкета жүргізілді. Қорытынды: Демографиялық факторлар: жүктілік жасының 35-тен асқан сайын COVID-19 жұқпасының деңгейі арта түскен. Тұрмыстық жағдайлары төмен және орташа отбасыда, анасының білім деңгейінің төменде, COVID-19 жұқпасы туындау қауіп-қатер факторының әсерінің жоғарлауына септігін тигізген. Корреляциялық байланыс тікелей күшті оң мәнді көрсетті, яғни r=0,814 (p>0,05). Әлеуметтік-гигиеналық факторлар: жүкті әйелдің темекі шегуі, шаңды поллютанттармен жұмыс, алкоголизм жедел ұрықтың даму ақауын туындауына жоғары деңгейде әсер еткен. Корреляциялық байланыс- тікелей оң, орташа, r=0,584. Медико-биологиялық факторлар: жедел респираторлы ауруы қауіп-қатер факторы ретінде ұрыққа және жүктілік ағымына өте жоғары деңгейде әсер еткен.