Modal-semantic shades expressed by interrogative statements

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v190.i2.ph8
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕНІМДЕРДЕ БІЛДІРІЛЕТІН МОДАЛЬ РЕҢКТІ МАҒЫНАЛАРМақалада қазақ тіліндегі сұраулы сөйленімдердің белгілі бір ақпарат алу мақсатында қолданылып қана қоймай, сөйлеушінің әртүрлі көзқарасын білдіретін құптау (мақұлдау, келісу), кеңесу (ақылдасу), ұсыныс жасау, ақталу, ескерту, рұқсат сұрау, тыйым салу, қарсылық, наразылық, мәжбүрлілік (шарасыздық, көну), өтіну, жалыну, қорқыту, кінәлау (жазғыру) тәрізді модаль реңкті мағыналар қарастырылды.Аталған модаль реңкті мағыналар сұраулы сөйленімдерде негізінен сұрау есімдіктері, ма/ме, ша/ше сұраулық демеуліктері, ғой нақтылау демеулігі, сұрау мәнді тілдік бірліктер (одағайлар), тұрақтанған құрылымдар және басқа да тұрақты тіркестер, сөйлемінің жалпы мазмұны, сұраулы интонация арқылы білдіріледі.Сонымен қатар аталмыш модаль реңкті мағыналар сұрау есімдіктерінің, сұраулық демеулігінің басқа да әртүрлі құрылымдармен бірге қолданылуы арқылы да берілуі мүмкін.Аталған модаль реңкті мағыналар сұрау есімдіктерінің, сұраулық демеуліктерінің, сұралатын ақпаратқа тікелей қатысты сөздің қайталануы және басқа да тілдік бірліктердің (етістіктің рай тұлғалары, аналитикалық форманттар және т.б.) қолданылуы арқылы күшейе түседі.Сұраулы сөйленімдерде жоғарыда аталған модаль реңкті мағыналарды білдіруде тұтас мәнмәтіннің (синтаксистік тұтастықтың) мазмұны маңызды қызмет атқарады.