PULSATILLA ТҮРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2023.85.51.040
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл әдебиеттік шолудың мақсаты – сирек кездесетін өсімдік түрлері – Pulsatilla биологиялық белсенді метаболиттері және олардың халық медицинасында қолданылуы туралы ақпарат жинау болып табылады. Бұл мақалада әдебиет деректері негізінде Pulsatilla көптеген түрлерінің құрамы сипатталған. Қолданылуы халықтық медицинада өте кең, гомеопатиялық препараттар да белгілі. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы бұл өсімдікті зерттеуге, шикізатты стандарттауға, сондай-ақ Pulsatilla flavescens негізіндегі шөптік препараттарды енгізуге, оларды ресми медицинада қолдану мүмкіндігіне серпін береді. Пульсатилла гомеопатияда шамамен екі жүз жыл бойы, доктор Ханнеман оны емдік мақсатта алғаш рет қолданғаннан бері қолданылған. Өсімдіктің басқа атаулары - ұйқы шөптері, құндызшөп немесе бәрімізге таныс бәйшешек. Өсімдік Ranunculaceae тұқымдасына жатады. Алдыңғы зерттеулердің материалдарын зерделеу барысында Pulsatilla сапониндері ісікке қарсы, нейроактивті, нейропротекторлық, иммуномодуляциялық, когнитивті күшейтетін, антиоксиданттық, микробқа қарсы және цитотоксикалық агенттер сияқты кең ауқымда жоғары биологиялық белсенділікті көрсететіні анықталды. Пульсатилла тұқымдасына жататын өсімдіктердің құрамында ранункулин, анемонин, протоанемонин, тритерпендер және сапониндер (9%), негізінен олеан және лупан типтері болатыны әдебиеттерден белгілі. Сонымен қатар, композицияда С дәрумені, органикалық қышқылдар, таниндер және флавоноидтар бар.