ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ГАЗ ЖАЛЫНДЫ ТОЗАҢДЫ БҮРКУДІҢ ЗАМАНАУИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2022

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-123-4-29-37
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада абразивті тозу кезінде машина бөлшектерінің беткі қабатын нығайту үшін жоғарғы жылдамдықты газ-жалынды тозаң бүрку технологиясын қолдану, абразивті тозу жайлы белгілі идеяларды талдап, жабын жасаудың тиімді әдісі мен материалдарын таңдауды негіздеу мәселесі дәйекті көрсетілген. Жоғарғы жылдамдықты газ-жалынды тозаң бүрку арқылы Fe-C-Cr-Ti жүйесінің сымды ұнтақтарынан жоғары сапалы жабын қабаттарын алу технологиясын жасау, бүрку үрдісінің оңтайлы параметрлерін теориялы жолмен анықтау баяндалған. Сондай-ақ, машина бөлшектерінің сыртқы қабатын сапалы жабынмен қаптау уақытында екі фазалық ағынның математикалық моделін пайдалана отырып, оптималды бүрку үрдісінде алынған гетерофазиялық ағын сипаттамаларын есептеулер негізінде бағалай келе, жоғары жылдамдықты газ-жалынды тозаңды бүрку әдісін дұрыс таңдаған. Жабындарды қалыптастыру үрдісі негізінен тозаң бөлшектерін қыздыру, тозаңды бүрку және қаптау үрдісіндегі күйімен анықталатынын айта келе, жартылай қатайған және тіпті қатты бөлшектер, әсіресе түпкі ағын аймағында, шашу бетіне жақын жерінде пайда болып, микротамшылы және бу фракциялары газ ағынымен әрекеттесіп, жабын қабатына ене алатын әртүрлі сапалы қатты қосылыстар түзе алатындығын орынды түрде баяндалған. Жоғары жылдамдықты газ-жалынды тозаңды бүрку мақсатында пайдаланылатын көмірсутектердің ішінде МАФ (Метилацетилен-аллен фракциясы) газын пайдалану кезінде жалын отынының ең жоғары температурасына қол жеткізілетіні атап көрсетілен. Оған толық сипаттама беріліп, жасалған тәжірибелердің нәтижелері теория жүзінде дәйекті баяндалған. МАФ газы - бұл изобутан, изобутилен, пропан, пропилен, бутадиен және басқа да көмірсутектердің қауіпсіздігі мақсатында жасақталған метилацетилен мен аллен (пропадиен) қоспасы екендігі айтылған.