ҚР МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51579/1563-2415.2021-1.34
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудит жүйесін трансформациялау жəне реформалау үдерісі жүруде. «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған уақыттан бері 5 жылдан аса уақыт өтсе де, бұл жүйенің толық қалыптасуы үшін ұзақ мерзім емес. Алайда, əлі де түйіні шешілмеген мəселелер баршылық. Осы айтылып кеткен мəселелердің көпшілігі белгілі жəне бірте-бірте шешілуде. Мақаланың негізгі түпкі мақсаты осы бағытта атқарылып жатқан іс-қимылдарды сынға алу емес, керісінше осы бағыттағы өзекті мəселелерді құрылымдап, реттеуге талпыныс жасау болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудиттің жəне қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары, түрлері, жүргізу əдістері, мəселелері жəне оны жетілдіру жолдары қарастырылған. Мемлекеттік аудиттің басты мақсаты - бюджеттегі халықтың қаражаттарын, мемлекет пен квазимемлекеттік ұйымдардың активтерін басқару жəне оларды тиімді пайдалану деңгейін арттыру. Мемлекеттік аудиттің жəне мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі қағидалары: тəуелсіздік, объективтілік, кəсіби құзыреттілік, құпиялылық, ашықтық, жариялылық , аудит пен бақылау нəтижелерін өзара тану.