Мемлекеттік басқару жүйесінде ақылды қалаларға тән киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелері

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2025-68-3-125-138
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақала ақылды қалаларды мемлекеттік басқарудағы киберқауіпсіздік мәселелерін қарастырады. Зерттеудің мақсаты – ақылды қалаларды мемлекеттік басқарудағы киберқауіпсіздікді дамытудың шешімдерін зерттеп және талдап, олардың заманауи киберқауіптерге қарсы тұрудағы ең тиімді жолын анықтау болып табылады. Зерттеу барысында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдер, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздік стратегиялары, мемлекеттік және жеке сектор арасындағы ақпарат алмасу платформалары, жасанды интеллект технологияларын қолдану, сондай-ақ білікті кадрларды даярлау маңыздылығы жан-жақты талданды. Зерттеу әдістемесіне ғылыми деректерді талдау мен синтездеу, салыстырмалы талдауы, сондай-ақ киберқауіпсіздік және мемлекеттік басқару саласындағы сараптамалық, эмпирикалық сауалнама жүргізу әдістерін қамтиды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің басым бөлігі киберқауіптерге қарсы тұрақтылықты арттыруда мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы тиімді ақпарат алмасуды негізгі фактор деп есептейді. кибершабуылдарды ерте анықтау, тұрғындарды ақпараттандыру және үзіліссіз мониторинг жүргізу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі элементтері ретінде қарастырылады. Ақылды қалаларды мемлекеттік басқарудағы киберқауіпсіздікті қалыптастырудағы негізгі қиындықтар, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі адам факторының рөлі екінші реттік мәліметтер базасының көмегімен қарастырылады. Зерттеу нәтижесі киберқауіпсіздік саласындағы саясатты жетілдіруге, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға және қауіпсіз, сенімді «ақылды қала» экожүйесін қалыптастыруға үлес қосады. Сонымен қатар, экономикалық тиімділік көзқарасынан мемлекеттік жүйелердің кибершабуылдарға төзімділігін арттыра алатын болашақ трендтерге ерекше назар аударылады. Оған қоса зерттеудің соңында нәтижелер мен талдауларға сүйене отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруына киберқауіпсіздікді дамыту бойынша ең тиімді шешімдер ұсынылды.