АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРПУС ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss2pp213-227
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада академиялық корпустар туралы және академиялық қазақ тілінің жазбаша корпусын әзірлеу барысындағы ғылыми зерттеулер нәтижелері баяндалады. Ғылыми зерттеудің мақсаты – академиялық қазақ тілінің жазбаша корпусын әзірлеудің өзектілігі мен маңыздылығын негіздеу. Мақалада қазіргі қазақ корпус лингвистикасының жайы, біздің ғылыми зерттеуіміздің аталған салаға қосар үлесі, академиялық корпустар туралы, академиялық корпустар құрудың шетелдік тәжірибесі, сондай-ақ қазақ тілінде академиялық корпус құрудың өзектілігі мен маңыздылығы талқыға түседі. Бұл жұмыста академиялық жазбаша қазақ тілінің корпусын әзірлеу аясында жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижесінде тақырыптың негізгі ұғымдары анықталады және олардың қазіргі қазақ тілді ғылыми зерттеулердегі қолданыстары ашылады. Академиялық корпустар құру ісінің шетелдік тәжірибесіне ағылшын тіліндегі академиялық корпустарға типі, мазмұны, құрылымы, көлемі және репрезентативтілігі тұрғысынан сараптама жасалды. Зерттеудің нәтижелерін қазақ тілінің корпус лингвистикасы және компьютер лингвистикасы салаларында, сонымен қатар аталған пәндерді жоғары оқу орындарында оқытуда теориялық және практикалық материалдар ретінде пайдалануға болады. Академиялық жазбаша қазақ тілінің корпусын әзірлеу және ұсыну ұлттық тілдің ғылыми әлеуеті мен қолданбалы мүмкіндіктерін арттыруға, қазақ тілінің халықаралық кеңістікте кеңінен насихатталуына, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдарды цифрландыру ісін жеделдетуге үлес қосады. Академиялық корпус және бұл тақырыпта жүргізілген ғылыми зерттеулер академиялық қазақ тілі ұғымын бекемдеуге, академиялық лексиканы айқындауға, академиялық мәтінді жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілін академиялық мақсатта оқыту ісіне үлес қосады.