ШАХТА СУЛАРЫН ТИІМДІ ТАЗАРТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2025/40
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа Шахтадан ағызылатын су әртүрлі дәрежеде қалқымалы заттармен, еріген минералдармен, бактериялық қоспалармен ластанады сондықтан халық шаруашылығында толық пайдаланылуы және алдын-ала тазартылмай су объектілеріне ағызылуы мүмкін емес. Шахта суларының ластануының ең көп тараған түрі-қалқыма заттар. Олар шахтаның жұмыс айналасынан жер бетіне шығарылатын барлық шахта суларында белгілі бір мөлшерде болады. Нәтижесінде қалқыма заттарды жою бейтарап және сілтілі шахта суларын тазартудың негізгі түрі және тұщы шахта суларын тазартудың бірінші кезеңі болып табылады. Бұл жұмыста тәжірибелік зерттеулер мен шахталық суларды тазарту бойынша салалық кәсіпорындарда жинақталған тәжірибені жалпылау негізінде ең тиімді және үнемді әдістер мен құрылымдар таңдалды. Салынып жатқан және қайта құрылып жатқан шахталарда кеңінен қолдану үшін шахта суларын тазалаудың технологиялық схемалары ұсынылды. Шахта суларын тазалаудың қазіргі қолданыстағы тұндырғыш-тоған түріндегі бірнеше нұсқалары көрсетілді. Мақалада шахта суларын қалқыма заттардан тиімді тазарту технологиялары және әдістері көрсетілген. Технологиялық схема бойынша тазарту құрылыстары қалқыма заттардан және нейтралды шахталық суды зарарсыздандыруға арналған, оның рН мәні 6,5-8,5 аралығында. Бастапқы шахталық суда қалқыма заттардың жалпы концентрациясы шектелмейді, гидравликалық ірілігі 0,05 мм/с кем болмауы тиіс және 50 мг/л-ден аспауы керек. Сондай-ақ тазалау технологиялары шахталық судың артық көлемін ағызу нәтижесінде су қоймаларының ластануын болдырмау мақсатында іске асырылады.