ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУ ТРАЕКТОРИЯСЫ: ҚҰЗЫРЕТТЕР, ТӘЛІМГЕРЛІК ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.68361/ahtqbt263sm1rhni
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қосымша білім беру педагогтерінің үздіксіз кәсіби дамуын баланың қызығушылығын құзыретке, портфолиоға және білім беру-кәсіби траекторияға айналдырудың жүйелік шарты ретінде қарастыратын тұжырымдамалық модель ұсынылады. Зерттеудің мақсаты - қосымша білім беру саласындағы педагогтің кәсіби капиталын құзыреттілік, тәлімгерлік және зерттеушілік мәдениет бірлігі негізінде құрылымдау. Әдіснама теориялық-аналитикалық сипатта болды: капитал теориясы, қабілетті талантқа түрлендіру моделі, педагогтердің кәсіби дамуы, коучинг, мектептен тыс бағдарламалар және креативті ойлау жөніндегі халықаралық еңбектер мақсатты түрде іріктеліп, тақырыптық синтез жасалды. PISA-2022 және UNESCO деректері контекстік дәлел ретінде пайдаланылды. Нәтижесінде қосымша білім берудің капиталды түрлендіру тетігі сипатталып, педагогтің кәсіби траекториясының үш өзара байланысты тірегі негізделді. Тәлімгерлікті практикаға кіріктіруге арналған 6E циклі және «бір сұрақ - екі дерек көзі - бір өзгеріс» қағидасына негізделген төрт апталық шағын зерттеу циклі әзірленді. Ұсынылған модель педагогтің кәсіби оқуын бір реттік курстардан жұмыс орнындағы жүйелі, бірлескен және дерекке негізделген жетілдіруге көшіреді. Модель тұжырымдамалық сипатта болғандықтан, оның тиімділігі квазиэксперименттік және аралас әдісті зерттеулерде тексерілуі қажет.