Бидай сабанынан құрамында XOS бар гидролизатты ферментативті алу және оның лактобациллалардың өсуіне әсерін бағалау

Eurasian Agrotechnical Journal, 2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/eaj.2026.3(131).2277
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Анықтама және мақсат. Бидай сабаны қолжетімді, жаңартылатын лигноцеллюлозалық шикізат болып табылады және функционалды көмірсу компоненттері ретінде қызығушылық тудыратын ксилоолигосахаридтерді (XOS) өндіру үшін пайдалануы мүмкін. Жұмыстың мақсаты рекомбинантты Bacillus sonorensis ксиланазасын пайдалана отырып, құрамында XOS бар бидай сабаны гидролизатын алу және оның Lactobacillus штамдарының өсуіне әсерін бағалау болды. Материалдар мен әдістер. 18,5%-дық аммиак ерітіндісімен алдын ала өңделген бидай сабаны рекомбинантты B. sonorensis ксиланазасы арқылы ферментативтік гидролизден өткізілді. Гидролиздің динамикасы ферменттің субстратқа шаққанщдағы 50, 100 және 200 б/г мөлшерлемерінде 24 сағат бойы зерттелді. Тотықсыздандырғыш қанттардың мөлшері DNS әдісімен анықталды, ал гидролиз өнімдерінің сапалық құрамы жұқа қабатты хроматография әдісімен бағаланды. 0,5 және 1 % гидролизаттың L. fermentum ATCC 14931, L. plantarum ATCC 14917 және L. rhamnosus ATCC 53103 штамдарының өсуіне әсері тірі жасушалар саны және қоректік орта pH мәнінің өзгеруі бойынша бағаланды. Жаңалығы. Рекомбинантты B. Sonorensis ксиланазасын пайдалана отырып алынған құрамында XOS бар бидай сабаны гидролизаты зерттелген Lactobacillus штамдарының өсуіне штаммға тән әсер ететіні көрсетілді. Нәтижелер. Тотықсыздандырғыш қанттардың ең жоғары жинақталуы ксиланазаның 200 б/г мөлшерлемесінде және 24 сағаттық гидролиз ұзақтығында байқалды. Жұқа қабатты хроматография әдісімен гидролизат құрамында негізінен ксилобиоза (X2) және ксилотриоза (X3) түрінде ұсынылған ксилоолигосахаридтер анықталды. L. Fermentum штамында тіршілікке қабілетті жасушалар санының ең айқын артуы байқалды: 1 % гидролизат қосылған кезде тіршілікке қабілетті жасушалар саны глюкозасыз ортадағы (1,07 ± 0,95) × 10⁵ КТБ/мл көрсеткішімен салыстырғанда (1,38 ± 0,54) × 10⁷ КТБ/мл-ге жетті. L. Plantarum штамында да тірі жасушалар санының артқаны байқалды, ал L. Rhamnosus штамында бұл әсер салыстырмалы түрде әлсіз болды. Гидролизат концентрациясын 0,5%-дан 1 %-ға дейін арттыру қоректік ортаның pH мәнінің төмендеуімен қатар жүрді. Алынған нәтижелер бидай сабаны гидролизатының штаммға спецификалық әсерін және оның пребиотикалық қасиеттерін одан әрі зерттеудің перспективалылығын көрсетті.