ИСЛАМДЫҚ МИФТЕР МЕН ПАЙҒАМБАРЛАР ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/btouph3.2026/301-312
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада араб мәдениетімен тығыз байланыста қалыптасқан түркі әдебиетінің негізгі тақырыптық өзегі ретінде Алланы мадақтау және пайғамбарды дәріптеу дәстүрі жан-жақты қарастырылады. Бұл үрдіс тек діни сипатпен шектелмей, көркемдік, эстетикалық және дүниетанымдық бағыттарды да айқындайтыны көрсетіледі. Сонымен қатар араб-қазақ, парсы-қазақ және жалпы шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің өзара байланысы сараланып, шығыс сюжеттерінің қазақ әдебиетіне тигізген ықпалы талданады. Шығыс классиктері – Фирдоуси, Низами Гянджеви, Сағди, Алишер Науаи шығармаларының қазақ қиссаларына әсері ғылыми еңбектер негізінде дәйектеледі. Сондай-ақ, мол мұра қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы мен әлем әдебиеті арасындағы үндестік пен дәстүр сабақтастығы қарастырылады. Мақалада осы бағыттағы зерттеулер тарихы сараланып, мифтік аңыздардың әлем әдебиетіндегі рөлі мен назира дәстүрінің қазақ әдебиетіне ықпалы ғылыми тұрғыда негізделеді. Сонымен бірге әдеби ықпалдастықтың көркемдік тәсілдері, поэтикалық образдар жүйесі мен идеялық мазмұны кеңінен талданып, олардың ұлттық әдебиеттің дамуына қосқан үлесі айқындалады. Зерттеу нәтижелері әдеби байланыстардың тарихи сабақтастығын терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл тұжырымдар болашақ ғылыми ізденістерге бағыт-бағдар береді. Ғылыми маңызы ерекше деп бағаланады.