Аннотация
Топырақ температурасы туралы тәжірибелік деректер мен ε-NTU әдісінің негізінде ірі қара малдың жылулық күйзелісін төмендетуге арналған көлденең топырақтық жылу алмастырғыштың (КТЖА) параметрлері оңтайландырылды. Зерттеулер Алматы облысы Іле ауданындағы «Алтынбаева С.Ж.» шаруа қожалығында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде жылу өткізгіштікке ие шалғынды сұр топырақ қарастырылды. ε-NTU әдісі негізінде ПВХ құбырларынан тұратын КТЖА-ның тиімділігі бағаланды. Ұзындығы 100 м және төселу тереңдігі 2 м болған жағдайда жүйе тиімділікті қамтамасыз ететіні анықталды. Шілде айында температураның төмендеуі 11,7 °C және салқындату қуаты 1,12 кВт болды. MATLAB ортасында параметрлік тәуелділігінің үшөлшемді моделі тұрғызылды. Оңтайлы параметрлер аймағы және аралығында орналасатыны анықталды. Есептік нәтижелер тәжірибелік деректермен салыстырылып, модельдің орташа ауытқуы , құрады. Алынған нәтижелер Қазақстанның ыстық климатты өңірлеріндегі мал шаруашылығы ғимараттарының энергия тиімді микроклимат жүйелерін жобалау үшін пайдаланылуы мүмкін.