ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ БАСТЫ СОПЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59358/ayt.1884087
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қожа Ахмет Ясауи XII ғасырда Орталық Азияда өмір сүрген әйгілітүркі сопысы. Ол араб және парсы тілдерін меңгергеніне қарамастан, исламды жаңа ғана қабылдаған, өзінің ана тілінде сөйлейтін көшпелі түркі қауымына дінді қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізуді мақсат етті. Сол себепті оның хикметтері көркемдікке емес, исламның сенім, ғибадат және адамгершілік принциптерін халыққа түсіндіруге арналған. Бұл хикметтер ғасырлар бойы ауыздан-ауызға жетіп, Орталық Азия мен түркі әлеміндегі діни-сопылық дәстүрдің маңызды деректері ретінде бағаланады. Ясауи өзінің көздеген мақсатына жету үшін шәкірттерін Бұхара, Хорасан және Анадолы аймақтарына жіберіп, жаңадан мұсылман болған түркілерге ислам дінінің сенім, ғибадат және моральдық-этикалық тұжырымдарын үйретуге атсалысқан. Оның қарапайым хикметтері халық арасында тез таралып, оны кеңінен танымал еткен. Бүгінде Ясауи Орталық Азия, Анадолы және Балқан өңірлерінде тарихи-мәдени тұлға ретінде құрметпен еске алынып, оның философиялық және діни көзқарастары жаңа ұрпақтың рухани тәрбиесінде айқындаушы ықпалға ие болып отыр.