Аннотация
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында YouTube платформасы бейнеконтентті жасау мен таратудағы негізгі құралдардың біріне айналды, бүгінде оның белсенді пайдаланушыларының саны екі миллиардтан асты. Қазақтілді YouTube сегменті бейнематериалдардың танымалдылығы мен қаралымына әсер ететін факторларды ғылыми тұрғыда зерттеуді қажет ететін ерекше және әлі де жеткілікті зерттелмеген бағыт болып табылады. Цифрлық кеңістікте қазақ тілі мен мәдениетіне деген қызығушылықтың артуы пайдаланушылар санының көбеюімен, технологиялардың дамуымен, мәдени сәйкестіктің нығаюымен және жастардың әлеуметтік желілердегі белсенділігімен байланысты. Бұл мақалада аудиторияның қызығушылық механизмдерін және контенттің табыстылық факторларын талдау мен түсіну бейнежасаушылар, маркетологтар, цифрлық мәдениетті зерттеушілер мен ұсынымдық жүйе әзірлеушілер үшін практикалық маңызға ие. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің медиакеңістікте дамуына және тиімді цифрлық коммуникация стратегияларын қалыптастыруға үлес қосады.