Аннотация
Мақалада жоғары оқу орны жағдайында студент-психологтардың кəсіби даярлығы барысында стреске төзімділікті дамыту мəселесі эксперименттік тұрғыда зерттеледі. Зерттеуге 18–22 жас аралығындағы 60 студент-психологтар (n=60) қатысты.Зерттеу үш кезеңде жүргізілді: анықтаушы, қалыптастырушы жəне бақылаушы. Анықтаушы кезеңде студенттердің бастапқы стреске төзімділік деңгейі, өзін-өзі реттеу ерекшеліктері жəне копинг-стратегиялары диагностикаланды. Қалыптастырушы кезеңде 8 апта бойы тренингтік сабақтар мен арт-терапиялық əдістерден тұратын бағдарлама жүзеге асырылды. Бақылаушы кезеңде қайта диагностика жүргізілді.Психодиагностикалық құралдар ретінде С.Н. Козлов пен Д.Я. Райгородскийдің «Стреске төзімділік» тесті, В.И. Моросанованың «Өзін-өзі реттеу стилі» сауалнамасы жəне С.К. Нартова-Бочавердің копинг-стратегиялар əдістемесі қолданылды. Мəліметтер SPSS 23.0 бағдарламасында өңделіп, айырмашылықтардың мəнділігі Стьюденттің t-критерийі арқылы тексерілді. Нəтижелер қалыптастырушы бағдарламадан кейін стреске төзімділіккөрсеткіштерінің статистикалық тұрғыда мəнді артқанын көрсетті (t=2.41; p<0.05). Жоғары деңгейдегі стреске төзімділік үлесі 19%-дан 36%-ға дейін өсті, ал төмен деңгей 28%-дан 15%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар конструктивті копинг-стратегияларды қолдану көрсеткіші де мəнді артты (p<0.05).Зерттеу нəтижелері арнайы ұйымдастырылған психологиялық-педагогикалық жағдайлар мен тренингтік технологиялардың студент-психологтардың кəсіби даярлығында стреске төзімділікті тиімді дамытуға ықпал ететінін дəлелдейді.