ЖОО ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОЛОГ-СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.018
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада психология мамандығы бойынша білім алатын студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мəселесі жан-жақты қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі жоғары білім беру жүйесінде болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу əрекетіне ерте араласуы мен зерттеушілік құзыреттілікті дамытуға қойылатын талаптардың артуымен түсіндіріледі. Отандық жəне шетелдік еңбектерге жасалған теориялық талдау зерттеушілік дағдыларды қалыптастырудың негізгі тəсілдерін айқындауға мүмкіндік берді. Авторлар зерттеушілік əрекетті оқу процесіне кіріктірудің жəне инновациялық білім беру технологияларын қолданудың тиімділігін атап өтеді. Эксперименттік зерттеу авторлық білім беру бағдарламасының тиімділігін тексеруге бағытталды, бағдарлама жобалық тапсырмалар, проблемалық оқыту элементтері жəне цифрлық ресурстарды қамтыды. Нəтижелер студенттердің зерттеушілік дағдыларының дамуында оң өзгерістерді көрсетті: мəселені тұжырымдау, əдісті таңдау, нəтижелерді талдау жəне ғылыми қорытынды жасау қабілеттері артты. Ғылыми жаңалығы –зерттеушілік дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздерін нақтылау жəне оларды дамытуға ықпал ететін педагогикалық шарттарды айқындау. Практикалық маңыздылығы –бағдарламаны болашақ педагог-психологтарды даярлауға бағытталған оқу процесіне енгізу мүмкіндігімен байланысты.