СОТ ПРАКТИКАСЫНЫҢ БІРКЕЛКІЛІГІ: ТҮСІНІГІ, ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІКТЕРІ ЖӘНЕ БҰЗУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2026.13.1.032
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада тарихи-құқықтық, формалды-құқықтық, жүйелі-құрылымдық талдау және синтездеу әдістерінің көмегімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының және сот жүйесі туралы заңнамасының жоғары тұрған соттарға сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету құралдарын ұсынатын нормалары, процестік кодекстердің сот практикасының бір-келкілігін бұзудың құқықтық салдарын бекітетін нормалары, сондай-ақ тақырыпқа қатысты ғылыми еңбектер зерделенеді. Автор сот практикасының біркелкілігі түсінігін тұжырымдайды, оның маңы-зын ашады, құрамдастарын сипаттайды; сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету тетіктерін талдайды; сот практикасының біркелкілігін бұзудың құқықтық салдарын заңнамада бекіту тәжіри-бесін қарастырады. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде автор ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, жалпы-лаулары мен шолулары ұлттық құқықтық жүйемізде прецеденттік құқыққа жақын функцияны жүзеге асыратыны туралы ой қорытады; отандық заң шығарушының біркелкіліктің және оны бұзудың нақты ұғымын қалыптастырып алмай, процестік заңдарда сот практикасының біркелкілігін бұзу үшін қатаң санкциялар белгілеуін құқықтық айқындылық талабын өрескел бұзу деп бағалайды; сот практика-сының біркелкілігі принципінің анықтамасын тұжырымдап, осы принципті еліміздің барлық процестік кодекстерінде бекіту туралы ұсыныс жасайды; сот практикасының біркелкілігі принципінің сот төрелігін жүзеге асырудың басқа принциптерімен арақатынасы мәселесіндегі өз ұстанымын біл-діреді.