Қазақ және қырғыз тілдеріндегі «нағашы» жұртқа қатысты туыстық атаулардың лингвомәдени ерекшеліктері және олардың білім беру үдерісінде қолданылу әлеуеті

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-203-217
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі білім беру үдерісінде ұлттық құндылықтарды тіл арқылы меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, туыстық атаулардың лингвомәдени мазмұнын оқыту олардың тәрбиелік және танымдық әлеуетін айқындауды қажет етеді. Мақаланың мақсаты – қазақ және қырғыз тілдеріндегі «нағашы» жұртқа қатысты туыстық атаулардың лингвомәдени ерекшеліктерін анықтау және оларды орта білім беру мазмұнында қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи, лексика-семантикалық, этнолингвистикалық және паремиологиялық талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде екі тілдегі туыстық атаулардың ортақ түркілік негізден бастау алатыны, алайда олардың семантикалық және функционалдық ерекшеліктері бар екені анықталды: қазақ тілінде «нағашы» ұғымы жинақтаушы сипатқа ие болса, қырғыз тілінде «тай» компоненті арқылы нақтыланған жүйе қалыптасқан. Сонымен қатар бұл атауларды мектеп бағдарламасында қолдану білім алушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететіні негізделді. Қорытындысында туыстық атауларды метатанымдық тұрғыдан оқытуға негізделген модель ұсынылып, оны орта білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары айқындалды.