ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖЕР АУДАРЫЛҒАН ГРЕКТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.88.1.011
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Кеңестік билік тұсында тоталитарлық жүйенің жүргізген саясаттың салдарынан көптеген ұлттар Қазақ еліне еркінен тыс жер аударылды. Жазықсыз ұлттарды тұрғылықты жерінен күштеп жер аудару Сталиндік қуғын-сүргіннің құрамдас бір бөлігіне айналды. Совет елінде қабылданған түрлі қаулы-қарарлар мен құжаттарда шекаралық аймақтарды тазарту үшін республикаға көптеген ұлттар еркінен тыс күшпен көшірілді. Олар әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан түрлі қысымдарға ұшырап, ұзақ жылдар сталиндік репрессияның құрбаны болды. Осындай еркінен тыс жер аударылған көптеген ұлттар қатарында біздің зерттеуіміздегі гректер де болды. Жер аударылған гректердің қалыпты және бейбіт өмір сүру жағдайы өзгерді.Депортацияға ұшыраған гректердің тарихын зерттей отырып, кеңестік биліктің жүргізілген озбыр саясаты арқылы бұрмаланған шындықты жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеу өзекті. Бір-неше толқынмен депортацияланған гректердің соғыстан кейінгі жер аударылғандарының басым бөлігі Түркістан облысы аумағына қоныстандырылды. Мақалада өткен ғасырдың 30-40-шы жылдар Түркістан облысына депортацияланған гректердің жаңа жерде бейімделуіндегі ауыр тұрмыс тіршілігі мен әлеуметтік жағдайы қарастырылады. Сонымен қатар Түркістан облысына және республика територриясына жер аударылған гректер мен олардың ұрпақтарының естеліктері арқылы оларды көшіру барысы, сенімсіз ұлттар ретінде ұстанған кеңестік саясат, қоныстандырылған жерге бейімделуіндегі жағдайлары қамтылды