Еңбек барысында туындайтын жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру: заманауи үрдістер мен құқықтық мәселелері

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026l1/116-125
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеудің мәні — Қазақстанда еңбек қызметімен байланысты болған жұмыс оқиғаларынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін зерделеу, оның еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыру негізінде жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсыну. Қолданылған тәсілдер мен әдіснама. Жұмыс кешенді, бірнеше деңгейлі тәсілге негізделген: 1) 2018-2023 жылдар аралығындағы ресми статистикалық деректер мен құжаттарды эмпирикалық талдау; 2) ретроспективті, салыстырмалы (ХЕҰ конвенциялары мен шетелдік тәжірибемен салыстыру) және жүйелік талдау; 3) эконометриялық модельдеу, сценарий бойынша болжам жасау, сондай-ақ мемлекеттік органөкілдерімен және сала мамандарымен жүргізілген сараптамалық сұхбаттар (триангуляция әдісі).Алынған нәтижелерді сараласақ, қолданыстағы сақтандыру жүйесінде терең жүйелік мәселелеранықталды: алдын алу орнына негізінен залалды өтеуге бағдарлану; сақтандырушы компаниялардыңкоммерциялық мүдделері мен жүйенің әлеуметтік міндеттері арасындағы қайшылық; терминдер меннормативтік талаптардағы сәйкессіздіктер; ақпаратты жинау мен өңдеудің үйлесімсіздігі. Нәтижесіндежүйенің әлеуметтік нәтижелілігі төмен, ал өндірістік жарақаттану деңгейі жоғары сақталуда. Негізгіқорытындылар: Жүйені тұтастай жаңарту қажеттілігі айқындалды. Негізгі бағыттар ретінде мыналарұсынылады: сақтандыруды коммерциялық емес, әлеуметтік мекеме ретінде қайта тұжырымдау;өтемақы төлеу, оңалту және алдын алу қызметтерін біріктіретін бірыңғай оператор құру; заңнаманыХЕҰ конвенцияларына (әсіресе № 102, № 121, № 187) сәйкестендіру; бірыңғай ақпараттық-талдаужүйесін енгізу; тәуекел деңгейіне қарай сақтандыру тарифтерін саралау арқылы алдын алу шараларыннығайту. Бұл шараларды іске асыру азаматтардың әлеуметтік қорғалу дәрежесін көтеруді, сондай-ақеңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.