СУПЕРКОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47526/2026-1/3107-3123.02
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі таңда кең ауқымды геокеңістіктік деректерді өңдеу мен талдау көлемінің артуы жоғары өнімді есептеу ресурстарын қолдануды талап етеді. Суперкомпьютерлер мен параллель есептеулер кластерлерін жасанды интеллект саласы машиналық оқытуда қолдану − күрделі модельдеуді жүзеге асыруға, үлкен деректерді параллель өңдеуге және болжам жасауға мүмкіндік береді. Машиналық оқыту әдістерін геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) саласына енгізу арқылы табиғи ресурстарды басқару, экологиялық мониторинг жүргізу, урбанистикалық жоспарлау және апаттық жағдайларды болжау сияқты міндеттер тиімді шешуге ықпал етеді. Мақалада геоақпараттық жүйелерді құруда параллель есептеулер кластерлері мен суперкомпьютерлерді қолдану маңыздылығы қарастырылады. Зерттеуде барысында PARAMBILIM-2 суперкомпьютерін қолдану тиімділігі сандық көрсеткіштер арқылы бағаланды, нәтижесінде есептердің орындалу уақыты бірнеше мың есе қысқарғаны анықталды. Бұл көрсеткіш суперкомпьютерлерді қолдану-есептеу жылдамдығын арттырып қана қоймай, геоақпараттық талдау мен машиналық оқытудың тиімділігін елеулі түрде жақсартатынын дәлелдейді. Нәтижесінде, ГАЖ-ді оқытуда суперкомпьютерлер мен параллель есептеулер кластерлерін қолдану инновациялық қолданбалы зерттеулер жүргізу мен жобалар жасауға жол ашады. Ал оқытудың тиімділігі білім алушылардың жоба құру негізінде практикалық дағдыларды меңгеру деңгейі және оқу нәтижесінде алған емтихан бағаларымен айқындалды.