Ұйымдарда сапа менеджменті жүйесін (QMS) енгізу және технологиялық процестер сапасын цифрлық мониторинг пен статистикалық процесті бақылау (SPC) көмегімен бағалау

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51582/interconf.19-20.11.2025.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ұйымдарда сапа менеджмент жүйесін (QMS) жүзеге асыру мен технологиялық процестердің сапасын цифрлық мониторинг және статистикалық процесті бақылау (SPC) арқылы бағалаудың заманауи әдістері талданады. Зерттеу ХХ ғасырдың басындағы Шухарттың статистикалық процесті бақылау әдістерінен бастап, қазіргі Индустрия 4.0 жағдайында кең таралған смарт SPC, IIoT сенсорлары, жасанды интеллект алгоритмдері және цифрлық QMS архитектураларына дейінгі эволюциялық жолын қамтиды. Әлемдік тәжірибелерден алынған нақты деректер Motorola, Toyota, Ford, Xerox, PCP сияқты кәсіпорындардың QMS арқасында өнім сапасын жақсартып, шығындарды азайтып, еңбек өнімділігін арттырғанын көрсетеді. Сонымен қатар, мақаланың эмпирикалық бөлігінде пластикалық қалыптау процесіне арналған Шухарт бақылау картасы құрылып, процестің статистикалық тұрақтылығы бағаланды; цифрлық QMS архитектурасының модульдері сипатталып, қазақстандық экологиялық мониторинг саласындағы «сандық егіз» технологиясының нәтижелері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері цифрлық технологиялармен интеграцияланған QMS ұйымдарға нақты уақыттағы мониторинг, алдын ала болжамдау, тәуекелдерді төмендету және процестерді үздіксіз жетілдіру тұрғысынан айтарлықтай артықшылық беретінін дәлелдейді.