Мұғалімнің бағалау сауаттылығының дамуы: әдебиетке жүйелі шолу

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-4-153-167
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл шолу мақаласы мұғалімнің бағалау сауаттылығы тұжырымдамасының қазіргі білім беру жүйесіндегі көпқырлы эволюциясын, әдіснамалық трансформациясын және практикалық қолданылуын терең талдауға арналған. Зерттеу бағалау сауаттылығының дәстүрлі психометрикалық парадигмадан бастау алып, әлеуметтік-мәдени және контекстік модельдерге дейінгі даму траекториясын қарастырады. Шолу мақаласы 2005-2025 жылдар аралығын қамтитын 28 іргелі халықаралық зерттеулердің анализіне негізделген. Мақалада мұғалімнің бағалау құзыреттілігі тек техникалық дағдылар жиынтығы емес, оқыту сапасын арттырудың, оқушының өзін-өзі реттеу қабілетін дамытудың және білім берудегі теңсіздікті азайтудың қуатты құралы ретінде негізделеді. Ерекше назар цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне аударылған. Жасанды интеллект пен автоматтандырылған бағалау жүйелерінің пайда болуы бағалау сауаттылығының мазмұнын түбегейлі өзгертіп, TALIDE (Teacher Assessment Literacy in Digital Environments) және GLAT (Generative AI Literacy Assessment Test) сияқты жаңа өлшем құралдарын қажет ететіні дәлелденеді. Зерттеу қорытындысында қазақстандық білім беру жүйесі үшін бағалау сауаттылығын дамытудың контекстке бейімделген, технологиялық интеграцияланған және этикалық тұрғыдан негізделген жаңа стратегиялары ұсынылады.