Аннотация
Қазіргі таңда орын алып жатқан жаһандану үдерісі халықаралық коммуникацияның кеңеюіне әкеліп, әртүрлі мәдениеттер мен тілдердің өзара байланысын күшейтті, нәтижесінде қазақ тіліне шеттілдік кірме сөздер еніп, тілдік қорды жаңа сөздермен молайтып, қазақ тілінің өрісінкеңейтіп қана қойған жоқ сонымен қатар, дәстүрлі жазба нормалардың бұзылуына, көптілділіктің әсерінен қазақ тіліндегі сөйлем құрылымының өзгеруіне, орфографиялық және пунктуациялық нормалардың сақталмауына алып келді. Мақаланың мақсаты –әлеуметтік желілердің тілге әсерін талдау, атап айтқанда желі қолданушылардыңтілінің лексикалық, семаниткалық, морфологиялық, фонетикалық құрамыныңжелі қолдану барысындағы трансформациясын анықтау. Зерттеудің теориялық негіздерін анықтауда анализ, синтез әдістерін қолдану, әлеуметтік желінің тілдің дамуына әсерінәртүрлі мәдени және тілдік контекстерде салыстыру үшін эмперикалық зерттеу әдісі –салыстырмалы талдау қолдану, желі мәдениетінен шыққан терминдер, мемдер мен аббревиатуралар сияқты жаңа тілдік формаларды зерттеу үшін корпустық талдау жасай отырып, әлеументтік желілердің тілге әсерін анықтау мақаланың міндеті болып табылады. Жүргізілген зерттеулердің негізінде интернет-коммуникациясында дәстүрлі жазба тіл мен ауызекі сөйлеу нормаларының араласуы нәтижесінде жаңа гибридті тілдік стиль қалыптасқаныанықталды.