МАҢҒЫСТАУ ТОПОНИМІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АССОЦИАЦИЯ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss4pp94-107
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Маңғыстау топонимдерінің лингвокогнитивтік негіздері жан-жақты қарастырылып, географиялық атаулардың тек кеңістік бағдар ғана емес, ұлттық сана мен дүниетанымдағы күрделі мәдени-танымдық құрылым екені дәлелденеді. Автор Маңғыстау жер-су атауларында жинақталған этномәдени, тарихи, мифтік және лингвоәлеуметтік ақпараттарға талдау жасай отырып, оларды тіл тұтынушылар санасында қалайша концепт дәрежесіне көтерілетінін сипаттайды. Зерттеу барысында топонимдердің ұлттық менталитетпен, дәстүрмен, рухани құндылықтармен және тарихи жадымен байланысы айқындалды. Маңғыстау концептісінің сан алуан мағыналық қабаттардан (жағымсыз эмотивация, мифтік бейнелер, экономикалық ассоциациялар) тұратыны, әрі олардың біртіндеп санада орнығу үдерісі көрсетіледі. Сонымен қатар, қазіргі тілтұтынушы үшін географиялық атаулардың эмоциялық және мәдени жүктемесі бар, көпқабатты семантикалық құрылым ретінде қабылданатыны дәлелденеді. Мақалада топонимдер – ұлттың дүниетанымымен тығыз байланысты, когнитивтік тұрғыдан белсенді этномәдени бірлік ретінде қарастырылады.