КИБЕРҚАУІПТЕР ЖАҒДАЙЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-140-5-94-102
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі таңда ақпараттық қауіпсіздік мәселелері қоғамның барлық салалары үшін стратегиялық маңызға ие болып отыр. Мемлекеттік басқарудан бастап жеке бизнес құрылымдарға дейінгі барлық ұйымдар деректердің құпиялылығы мен тұтастығын сақтауға тәуелді. Ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуі мен сенімділігі киберқауіптер санының артуымен және зиянды бағдарламалардың күрделенуімен тікелей байланысты. Зиянды кодтар мен кибершабуылдар бағдарламалық осалдықтар арқылы ғана емес, сонымен қатар физикалық инфрақұрылымның әлсіз тұстарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақалада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің физикалық тәсілдері мен олардың киберқауіптермен күрестегі өзара байланысы кешенді түрде қарастырылған. Зерттеу барысында ақпараттық инфрақұрылымның қорғаныс деңгейлері, физикалық қорғау элементтерінің функционалды мүмкіндіктері және аппараттық шешімдердің тиімділігі талданады. Сонымен қатар, физикалық қауіпсіздік жүйелерін интеллектуализациялау бағытындағы заманауи үрдістер мен жасанды интеллектке негізделген мониторинг жүйелерінің рөлі сипатталады. Мақалада ұсынылған тәсілдер ақпараттық жүйелердің тұтастығын, құпиялылығын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелері физикалық және логикалық қорғау әдістерін интеграциялау арқылы ақпараттық қауіпсіздік деңгейін оңтайландырудың тиімділігін дәлелдейді. Бұл қорытындылар киберқауіптер жағдайында кешенді қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға ғылыми негіз бола алады.