Қазіргі жастар прозасындағы ай мен түн мотиві

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025200420
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу жұмысы қазіргі қазақ жастар прозасындағы ай мен түн мотивінің көркемдік және мағыналық қызметін талдауға арналған. Бұл тақырыпты зерттеудің өзектілігі – ұлттық мифологиялық және мистикалық сананың көркем әдебиетте жаңғыруы арқылы қазіргі адам санасындағы рухани ізденістерді бейнелеу. Ай мен түн мотивтері тек табиғи құбылыс емес, көркем мәтін құрылымындағы символдық-архетиптік өзекке айналып отыр. Олар кейіпкердің ішкі күйзелісі, экзистенциалды тәжірибесі мен рухани өсуінің көрсеткіші ретінде ұсынылады. Зерттеудің мақсаты – ай мен түн мотивтерінің символдық және семиотикалық қызметін, мифопоэтикалық мәнін, олардың сюжеттік динамика мен кейіпкер психологиясындағы рөлін кешенді талдау. Зерттеу негізінде Лира Қоныс, Мәдина Омарова сияқты қаламгерлердің шығармалары алынған. Әдіснама ретінде мифопоэтикалық, герменевтикалық және салыстырмалы талдау, сондай-ақ архетип, хронотоп және нарратологиялық тәсілдер қолданылған. Нәтижесінде, ай мен түн мотивтері жастар прозасында ерекше поэтикалық әрі символдық кеңістік құрып, ұлттық фольклор мен қазіргі сана арасындағы көпір рөлін атқаратыны дәлелденді. Бұл зерттеу – қазіргі қазақ прозасындағы мистикалық-символдық элементтердің көркемдік қызметін жүйелеген, әдеби талдауға жаңа теориялық әдіс ұсынған еңбек. Практикалық тұрғыда, жұмыс әдебиеттану, мәдениеттану, символика және архетиптік психология салалары үшін құнды әдістемелік база бола алады. Түйін сөздер: мистика, мотив, тотем, символ, миф.