АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН КОНТЕЙНЕРЛІК МОДЕЛЬ ҚҰРУ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-139-4-314-323
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада заманауи ақпараттық жүйелерде контейнерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары қарастырылады. Талдау негізінде контейнерлер дәстүрлі виртуалды машиналардан ресурстарды пайдалану тиімділігі, масштабталу, ақауларға төзімділік және энергия тиімділігі сияқты бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша айтарлықтай асып түсетіні анықталды. Бұл сипаттамалар контейнерлік шешімдерді әсіресе жоғары жүктемелі және динамикалық өзгеретін жағдайлары бар таратылған жүйелер үшін маңызды етеді. Контейнерлеу жүйелердің жұмысын оңтайландырудың, олардың сенімділігін және өнімділігін арттырудың сонымен қатар энергияны үнемдеу арқылы экологиялық әсерді азайтудың перспективалық құралы ретінде ұсынылады. Бұл зерттеудің мақсаты масштабталу, ақауларға төзімділік және ресурстарды пайдалану тиімділігі факторларын ескере отырып, толық бөлінген жүйелердегі контейнерлік ортаны жоспарлау әдістемесін талдау және әзірлеу болып табылады. Ең жақсы өнімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін эвристикалық әдістерді, жасанды интеллектке негізделген тәсілдерді және гибридті модельдерді қоса алғанда, заманауи жоспарлау алгоритмдеріне назар аударылады.