MOEA/D НЕГІЗІНДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-139-4-391-402
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Киберқауіпсіздікке (КҚ) төнетін қатерлердің артуы ресурстық және көпкритерийлі шектеулер жағдайында ақпаратты қорғаудың оңтайлы стратегияларын қалыптастыру міндетін өзекті ететіндігі сөзсіз. Осы тұрғыда мақалада ақпараттық қауіпсіздік объектісі (АҚО) үшін ақпаратты қорғау жүйесін (АҚЖ) конфигурациялау процесі көпкритерийлі оңтайландыру тапсырмасы ретінде қарастырылған. Бұл зерттеу жұмысы декомпозицияға негізделген көпмақсатты эволюциялық алгоритмнің (MOEA/D – Multi-Objective Evolutionary Algorithm based on Decomposition) берілген есепте Парето-оптималды шешімдер жиынтығын анықтау мүмкіндігін талдауға бағытталған. Сандық модельдеу барысында ақпаратты қорғау жүйесінің (АҚЖ) ымыралық конфигурациялар жиынтығы алынды. Алынған жиынтықтар ақпараттық қауіпсіздік объектісі (АҚО) үшін АҚЖ-ның әртүрлі көрсеткіштері арасындағы өзара ымыраларды талдауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері МОEA/D алгоритмін қолданудың артықшылығын көрсетті. Бұл артықшылық ақпараттық қауіпсіздік объектісі (АҚО) үшін ақпаратты қорғау жүйесінің (АҚЖ) параметрлерін үстемдік бойынша ранжирлеуге негізделген әдістермен салыстырғанда Парето фронтын біркелкі аппроксимациялау арқылы байқалды.