Аннотация
Мақалада көретін қабілеті бұзылған 4-сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытуда 3D-модельдеуді қолдану тәжірибесі қарастырылады. Зерттеу барысында үш өлшемді модельдеу технологияларының оқушылардың ойлау, қабылдау және кеңістік бағдарлау қабілеттеріне әсері бағаланды. Нәтижелер көрсеткендей, 3D-модельдеу сабақтары балалардың білімге қызығушылығын арттыруға, ақпаратты қабылдау және өңдеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.