ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: Р.ИНГЛХАРТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ ТАЛДАУЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2025.91.3.010
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі кезеңдегі жаһандану үрдісімен әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мемлекеттермен қоғамдардың саяси құндылықтар жүйесіне айтарлықтай әсер етуде. Әсіресе, посткеңестік кеңістіктегі елдер үшін саяси мәдениетпен құндылықтық бағдарлардың трансформациясы өзекті зерттеу нысанына айналды. Қазақстандық қоғамның саяси құндылықтары да соңғы он жылдықтарда айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, жаңа саяси шынайылыққа бейімделу процесін бастан кешіріп жатыр. Бұл мақалада Қазақстандағы саяси құндылықтар жүйесінің трансформациясымен азаматтық белсенділік деңгейі талданады. Зерттеу барысында 2011 және 2018 жылдары өткізілген World Values Survey (WVS) әлеуметтік сауалнамаларының және Фридрих Эберт қорының зерттеу нәтижелері пайдаланылды. Рональд Инглхарттың концептуалдық әдіснамасына сүйене отырып, қазақстандықтардың саяси құндылықтарындағы өзгерістермен олардың қоғамдағы көріністері бағаланды. Зерттеу нәтижелері Қазақстан қоғамындағы саяси құндылықтардың консервативтік сипатын көрсетеді, мұнда отбасылық құндылықтары, еңбекқорлық және әлеуметтік әділеттік басымдыққа ие. Саяси белсенділік көрсеткіштері төмен болғанымен, соңғы жылдары онлайн петициялардың саяси қатысу формасы ретінде дамуы байқалады. Жемқорлықпен күрес пен экономикалық өрлеу халық үшін негізгі басымдықтар болып анықталды.