ТҰЛҒАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ДЕҢГЕЙІ МЕН ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІСІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.84.3.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ғылым мен техниканың жетістіктері салдарынан ХХІ ғасырдағы заманауи адамның қозғалысы шектелген. Ол баратын жеріне көлікпен жетеді, жұмысын компьютерде орындайды, азық-түлікті тапсырыспен алдырады, тіпті үйін роботтың көмегімен жинайды. Осындай қозғалыс тапшылығы адамның тәні мен жанының саулығына кері әсерін тигізеді. Халық аузындағы «Өмір – бұл қозғалыс» ұранының орындалуы қиындап тұр.Физикалық белсенділік төзімділік пен өнімділікті арттырады, ми жұмысын жақсартады және денсаулықты күшейтеді. Эндорфиндердің – қуаныш гормондарының өндірісін ынталандырады, егер адам қатты күйзеліске ұшыраса, олардың қажеттілігі арта түседі. Жалпы бақуаттылық пен көңіл-күйді жақсартады, депрессия мен дүрбелең шабуылдарын жеңуге көмектеседі.Осы зерттеуде адамның физикалық белсенділік деңгейі мен эмоциялық интеллектісінің байланысы қарастырылды. Эмоциялық интеллект – эмоцияларды дәл тану, анықтау және түсіну қабілеті, шамадан тыс күшті эмоциялардың қарқындылығын бақылау, эмоциялардың сыртқы көрінісін реттеу және қажетті эмоцияларды өз еркімен тудыру мүмкіндігі ретінде анықталады. Физикалық белсенділік эмоциялық интеллектіні дамытатын көптеген көрсеткіштердің бір ғана факторы болып табылады, бірақ оның адамның психологиялық бейімделуінде және денсаулығының жақсаруында маңызы жоғары.