СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.84.3.018
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жоғары білім беру жүйесіндегі заманауи өзгерістер тек технологиялық жаңалықтарға ғана емес, студенттердің кәсіби дамуының психологиялық негіздеріне де назар аударуды қажет етеді. Мамандыққа психологиялық дайындық және кәсіби тұлғаны қалыптастыру табысты тұлғалық және кәсіби дамудың негізгі шарттары болып саналады. Студенттердің танымдық, эмоционалды-ерікті және тұлғалық ресурстарын дамытуға бағытталған бағдарлама құру білім берудегі қайта құруларға бейімделу құралы ғана емес, мұғалімнің тұтас психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру механизмі болып табылады. Өзінің кәсіби миссиясын түсіну, эмпатияны, рефлексияны, өзін-өзі реттеуді және эмоционалды тұрақтылықты дамыту болашақ маманның білім беру кеңістігіне үйлесімді түрде енуіне мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – болашақ мұғалімнің кәсіби дамуының психологиялық негіздерін, оның ішінде когнитивтік-эмоционалдық факторларды, жеке ресурстарды және кәсіби сәйкестендіру механизмдерін модельдеу. Ғылыми негізделген психотехнологиялар мен тиімді платформалық шешімдерді әзірлеу педагогикалық салада студенттердің тұрақты және мақсатты психологиялық дамуын қамтамасыз ететін жүйе құраушы компонент ретінде қарастырылады.