THE RUSSIAN EMPIRE'S COLONIAL POLICY IN KAZAKH LANDS (LATE 19th -EARLY 20th CENTURY)

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t80.n2.41
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

XIX ғас. Аяғы - XX ғас. басында Ресей мемлекетінің қазақ жеріне жүргізген қоныстандыру саясаты қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық және саяси құрылымына айтарлықтай ықпал етті. Шаруаларды жаппай қоныстандыру арқылы қазақ жерлерін игеру мен отарлық бақылауды күшейту, қоныс аударған шаруаларды өзінің саяси-әлеуметтік тірегі ету арқылы қазақ жерін империяның құрамды бір бөлігіне айналдыру еді. Қоныстанушылардың пайдалануына қазақ жерлерінің ең құнарлы, шұрайлы және көлемді бөлігі өтті. XX ғас. басындағы қоныс аударушылардың қарқынды легінің өсуі қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығына зиянын тигізді. Қоныстандыру әсіресе қоныстандыру мекемелері құрылғаннан бастап, бұрын болмаған деңгейге жетті. Мақалада шаруаларды қоныстандыру туралы заңдар, ережелер, қонысаудару себептері, барысы, қоныстандыру учаскелерінің ұйымдастырылуы, XX ғ.бас. қоныстандыру саясатындағы «жаңа бағыт», қоныстандырудың салдары баяндалады. Шаруаларды жаппай қоныстандыру қазақтың мал жайылымды жерлерінің тарылуына, сондай-ақ жерлердің тартып алынуы рулық қауым-ауылдық топтар яғни қазақтар арасындағы жер тартысының, жер дауының туындауына себеп болды. Сонымен бірге, жер тапшылығы қазақтарды көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы егіншілікке көшуге мәжбүр етті. Шаруаларды қоныстандыру қазақтардың ұлттық, әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің аяқасты болуына әкелді.