МИКРОКЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-2-1-92-100
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа Мақалада микроклиматтық параметрлердің мүйізді ірі қара мал (МІҚ) физиологиялық жағдайы мен өнімділігіне әсері қарастырылады. Зерттеу үш түрлі мал шаруашылығы ғимараттарын қамтыды, олар микроклиматты бақылау жүйелері бойынша ерекшеленді. Температура, ылғалдылық, ауаның қозғалыс жылдамдығы және зиянды газдардың концентрациясы сияқты параметрлер және олардың жануарлардың физиологиялық жағдайы мен сүт өнімділігіне әсері зерттелді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, оңтайлы микроклиматтық жағдайларды сақтау жануарлардың аурушаңдық деңгейін 22%-ға төмендетуге, стресс деңгейін азайтуға және тыныс алу жиілігі мен дене температурасы сияқты физиологиялық көрсеткіштерді жақсартуға әкелді. Сонымен қатар, микроклиматты оңтайландыру сүт өнімділігін 12–15%-ға арттыруға ықпал етті. Толықтай автоматтандырылған микроклиматты басқару жүйесі бар топқа ерекше назар аударылды, бұл топ барлық көрсеткіштер бойынша ең жақсы нәтижелерді көрсетті: аурушаңдық деңгейі ең төмен (8%) және өнімділік ең жоғары (23,5 л/күн) болды. Алынған деректер микроклиматты бақылаудың заманауи технологияларын қолданудың жануарлар денсаулығын қамтамасыз етуде және мал шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттырудағы маңыздылығын растайды. Зерттеу нәтижелері мал шаруашылығы кешендерін жобалау мен жаңғыртуға, сондай-ақ климаттық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, микроклиматты басқару стратегияларын қалыптастыруға пайдаланылуы мүмкін.