PROSPECTS FOR THE USE OF FLOUR FROM BOGARNAYA-56 WHEAT VARIETYIN BAKERY PRODUCTION

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55956/paua6927
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің халықаралық инженерлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор А.С. Ахметов атындағы «Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ҒЗЗ-да, «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының зертханаларында Жамбыл облысында (Меркі және Т. Рысқұлов аудандарында) өсірілген Богарная-56 сортты бидай дәнінен алынған ұнның физикалық-химиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізілді. Ұсынылған үлгілерді зерттеу барысында ұнның сапалық көрсеткіштерін бағалаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері қолданылды. Зерттеуге алынған нысандардың химиялық құрамы анықталынды, бұл өз кезегінде сынақ нан пісіруге арналған рецептураны жасауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде алынған эксперименттік мәліметтерге сүйене отырып, Богарная-56 (Т. Рысқұлов ауданы) сортынан алынған бірінші сұрыпты бидай ұны, басқа ұндармен салыстырғанда құрамындағы ақуыздың жоғары мөлшерімен, яғни 17,3% болуымен ерекшеленді. Ақуыз мөлшері неғұрлым жоғары болса, соғырлым ұн нан пісіруге қолайлы болады.