«СОЦИАЛИСТИЧЕСКАЯ КАРАГАНДА» ГАЗЕТІ –ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ 1941-1945 жж. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕГІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.023
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қарағандыоблыстық, қалалық партия комитетінің, еңбекшілер депутаттары қала-лық кеңесінің органы «Социалистическая Караганда» газеті Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орталық Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде қарастырылған. Зерттеу нысанына облыс еңбекшілерінің тылдағы еңбегі алынған. Авторлардың мерзімді басылымның құрылымына, материалдарының мазмұнына талдау жасауы, зерделеуі негізінде Қарағанды облысының фашизмді жеңуге қосқан үлесі және оған ықпал еткен жағдайлар анықталған. Газеттің халықты майдан үшін біріктірудегі, жеңіске жұмылдырудағы идеялық, ақпараттық орны айқындалған, «Қазақстанкомсомолы», «Қазақстан колхозшысы», «Қарағанды колхозшысы», «Қарағанды шахтері», «Қазақстан металлургі» танк колонналарын жасақтаудағы ұйымдастырушылық рөлі көрсетілген. Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап Қарағанды бассейніндегі көмір өндіру үдерісін көрсетудегі негізгі өзгерістер қадағаланған. Өндіріске, ауыл шаруашылығына озық технология енгізуге, жаңа техникамен жарақтандыруға мүмкіндік болма-ғансоғыс жағдайында еңбек өнімділігін арттырудың, негізінен, адам ресурстарының арқасында, атап айтқанда, олардың отансүйгіштік, шыдамдылық, қайырымдылық, төзімділік, ұйымшылдық сияқты жоғары моральдық сапалары мен адами қасиеттерініңнәтижесінде, сонымен қатар еңбекті ұйымдастырудың қарапайым әдіс-тәсілдерінің, үнемшілдік, өзіндік өнертапқыштық пен жаңа-шылдықтың есебінен жүзеге асқандығы туралы нақты қорытындылар жасалған. Жұмыс күші тапшылығының орнын толтыруда әйелдер еңбегінің рөлі мен маңыздылығы көрсетілген.