ЗЕЙІНДІЛІКТІҢ АНЫҚТАМАСЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ MAAS(MINDFUL ATTENTION AWARENESS SCALE) ӘДІСТЕМЕСІНҚАЗАҚ ТІЛІНЕ БЕЙІМДЕУ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада адамның зейінділігі, оның анықтамасы, түрлері және оның қалыптасуына мен дамуына әсер ететін факторлар қарастырылады. Бұл жұмыстың мақсаты –зейінді зерттеу тәсілдерін теориялық талдау және жүйелеу және «зейін» феноменін әртүрлі теориялық көзқа-растар тұрғысынан қарастыру. Сонымен қатар қазіргі психология мен психотерапия саласында кеңінен қолданылып жүрген «зейінділік» (mindfulness) ұғымының мәні, түрлері және оны өлшеуге арналған MAAS (Mindful Attention Awareness Scale) әдістемесінің қазақ тіліне бейім-делуі қарастырылады. Зейінділік ұғымының буддизмдегі түп-тамыры мен оның медитациялық тәжірибелердегі рөліне талдау жасалып, випассана әдісі арқылы тұлғаның өзін-өзі танупроцесі сипатталады. Автор зейінділіктің адамның санасын тыныштандырудағы маңызын атап өтіп, MAAS әдістемесінің қазақ аудиториясына бейімделуінің қажеттілігі мен тәсілдерін ұсынады. Бұл жұмыс зейінділік ұғымын ғылыми-практикалық тұрғыда тереңірек түсінугежәне оны мәдени контексте тиімді қолдануға үлес қосады.Ғалымдарзейінділік құбылысын метатанымдық реттеушілік қабілеттер сыныбына жатқы-зады. Бірқатар зерттеушілердің пайымдауынша, зейін концепциясы әртүрлі психологиялық мектептерде әзірленген психиканыңнормасы мен патологиясының психологиялық модельдерін синтездеудің әдістемелік құралы ретінде қызмет етеді. Мақалада зейін және зейінділік ұғымының жан-жақты қарастырылған анықтамалар ұсынылады.