ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ДИСПЕПСИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БҰЗАУЛАР АҒЗАСЫНЫҢ ТЕЛІМСІЗ РЕЗИСТЕНТІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-3-1-10-20
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ірі қара мал өсіру бағыты бойынша шұғылданатын сүт фермалары үшін жаңа туылған бұзаулардың диспепсиясы қазіргі уақытқа дейін ең өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан бұзауларда асқазан-ішек ауруларының пайда болуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық және емдік шараларды әзірлеу және қолдану жас төлдердің ағзасындағы иммунологиялық үрдістердің мәліметтеріне негізделуі керек, өйткені иммуноструктуралық гомеостаздың тұрақтылығы көбінесе жануарлар ағзасының телімсіз резистенттілігінің торшалық және гуморальды факторларының жағдайына байланысты болып келеді. Мақалада диспепсиямен ауыратын бұзаулар ағзасының телімсіз резистенттілігінің гуморальды және торшалық факторларының динамикасына дәрілік өсімдіктерден алынған препараттарды қолдану бойынша зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері негізінде дайындалған фитопрепараттардың бұзау ағзасын қорғаудың торшалық-гуморальдық механизмдеріне қуаттандырушы әсерін көрсетеді. Бақылау тобына қатысты фитопрепараттардың әсерінен қан сарысуы құрамындағы лизоцимдік, бактерицидтік, комплементтік және β-лизиндік белсендіктердің концентрациялары едәуір жоғарылайтындығы, сондай-ақ бұзаулардың қанның фагоцитарлық белсенділігінің сандық көрсеткіштерін арттыратындығы туралы деректер келтірілген. Фитопрепараттарды спирттті экстрактілер түрінде қолдану салыстырмалы түрде тиімді әдіс болатындығы дәлелденген . Ағзаны қорғаудың гуморальды және торшалық механизмдеріндегі оң өзгерістердегі анықталған заңдылықтар диспепсиямен ауыратын бұзауларда иммундық жүйенің теңгерімсіздігімен бірге жүретін иммундық тапшылығы бар деп айтуға негіз береді. Сондықтан дайындалған фитопрепараттардың әсері зерттелетін көрсеткіштердің едәуір артуымен сенімді түрде расталатын ағзаның метаболикалық үрдістерін биологиялық түрде реттеуге бағытталған.