БОРДАҚЫЛАУДАҒЫ БҰҚАЛАРДЫҢ ОРГАНИЗМІНЕ МИКРО ЖӘНЕ МАКРО ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ТІГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-4-2-167-176
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Осы мақалада авторлар өзіндік зерттеулерді 2023-2024 жылдар аралығында шаруашылықтағы 600 бас бордақылауға қойған бұқаларға жүргізілген нәтижелерін келтірген. Эксперимент кезінде 2-ші тәжиірбелік топтағы бұқалардың яғни шаруашылықтағы рацион құрамына қосымша премикс қосылған 1-ші топ бұқаларының морфо-биохимиялық көрсеткіштеріне қарағанда жоғары, яғни эритроциттер көлемі-4,4%, лейкоциттер -18,6%, гемоглобин 28,1%, глюкоза 17,2%-ға жоғары болғаны анықталды. Сонымен шаруашылық жағдайында бордақылаудағы бұқалардың зат алмасу үрдістерін жоғарылату мақсатында негізгі шаруашылықта қолданылатын рацион құрамына қосымша премикс қосуды ұсынады, яғни мыс сульфаты, кобальт хлориді, мырыш сульфаты, марганец сульфаты, ретинол және и-сак қосымшалары. Дегенмен, етті мал өсірумен айналысатын фермерлер көбіне дұрыс азықтандыру рационын құрастыруда қиындықтарға тап болып жатады, бұл жануарлардың жағдайына кері әсерін тигізеді және экономикалық шығындарға алып келеді. Малдарды толыққанды азықтандырудың басты мақсаты – олардың ағзасын қажетті барлық қоректік заттармен, соның ішінде ақуыздармен, көмірсулармен, майлармен, биологиялық белсенді компоненттермен және микро- мен макроэлементтер түріндегі минералдармен қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай компоненттер жануарлардың жалпы денсаулық жағдайын жақсартады, өнімділігін арттырады және қалыпты репродуктивтік функцияларын қелтіреді.