БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН АЛМА СОРТТАРЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ ПІСУ МЕРЗІМДЕРІНЕ ОРАЙ ҮЗДІК НҰСҚАЛАРЫН ТАҢДАУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-4-2-115-123
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Өсімдік шаруашылығы салаларын дамытудың жалғыз жолы – оларды тұрақты түрде жаңа сорттармен жаңарту, өнім өндірудің қарқынды технологияларын енгізу, соның ішінде алма ағашының жоғары сапалы отырғызу материалдарын пайдалану арқылы қарқынды ету. Бұл мәселені шешуде әлемнің жетекші елдерінің ұлттық экономикаларының басым бағыттарының бірі болып отыр. Алма көшеттерінің өнімдерін арттырудың маңызды қоры вирустық және микроплазмалық аурулардан болатын шығындарды азайтуда жатыр. Жеміс-жидек дақылдарының созылмалы вирустық ауруларынан туындайтын үлкен және тұрақты өнім шығындары питомниктерді вирустардан таза, отырғызу материалдарын өндіруге көшіруді талап етеді. Бұл үшін заманауи, сенімді экспресс-вирустық бақылау әдістерін қолдану қажет. Қазіргі уақытта нарықта қаржылық табысты қамтамасыз ету үшін шаруашылық тұрғысынан құнды және бейімделу қасиеттері жоғары, сонымен қатар жоғары өнімділікке, сапалы тауарлық түрге, тасымалдауға төзімді және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті жеміс дақылдарының сорттары қажет. Алма бағының рентабельділігінің негізі – ұтымды технология, ағаштарға дұрыс күтім жасау және сорттарды дұрыс таңдау. Айта кету керек, реформалар басталғанға дейінгі жылдары Батыс Қазақстан аймағындағы алма ағаштарының орташа өнімділігі 40-50 ц/га-дан аспаған.