АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АЙНАЛЫМДАҒЫ МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА ЛЕЙКОЗ ВИРУСЫНЫҢ ГЕНОТИПТЕРІН АНЫҚТАУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-3-1-210-218
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының мәліметтері мен көптеген жариялынымдарда және ресми ветеринарлық статистиканың деректерінде мүйізді ірі қара малдың жұқпалы аурулары арасында ағзаның зақымдануының ауырлығы, инфекцияның жаппай көрінісі және экономикалық салдары бойынша МІҚ лейкозы жетекші орын алатындығын көрсетеді. МІҚ лейкозы бойынша эпизоотиялық жағдай Қазақстан Республикасының мал шаруашылығын дамытудағы басты мәселе болып табылады. Осы ауруды дұрыс бақыланбауынан жоғары өнімді малды шетелден тиімді импорттауға және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан эпизоотиялық проблемаларды шешу және осы ауруды балау және диагностикалық тест-жүйелерін жасау кезінде белгілі бір аумақта айналымдағы лейкоз вирусы туралы ақпарат алу одан әрі ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Мақалада Алматы және Қостанай облыстарының шаруашылықтарынан МІҚ-да анықталған МІҚ лейкозы провирусы изоляттарының env-гені локусының теңестірілген нуклеотидтік реттілігінің салыстырмалы филогенетикалық талдауының нәтижелері келтірілген, олардың генотиптік тиесілігі белгілі болды. Анықталған (он үш) сынама изоляттары МІҚЛВ G4 генотипіне жатады. Env-генді зерттеу (903 ж.н) МІҚЛВ-ның кіші типін, яғни польшалық екенін визуализациялауға мүмкіндік берді. МІҚЛВ генотиптеу эпизоотиялық мониторингтің тиімділігін және ҚР аумағында айналымдағы вирустардың генотиптерін білу негізінде диагностикалық іс-шаралар деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.