МОРАКСЕЛЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ӘЛСІРЕТІЛГЕН ВАКЦИНАНЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ҮЛГІСІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДІ ЖАҒДАЙДА ИММУНОГЕНДІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-2-1-107-116
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Ақмола облысынының жеке шаруа қожалығында моракселлезбен ауырған бұзаудан бөлініп алынған Moraxella bovis B-2017/44 індеттік штаммынан дайындалған инактивтендірілген вакцинаның тәжірибелік үлгісінің иммуногендік белсенділігін экспериментальді жағдайларда зерттеу нәтижелері келтірілген. Вакцинаның иммуногендік көрсеткіші комплементті ұзақ байланыстыру реакциясында сыналып, тәжірибелік топтардағы бұзаулардың комплемент байланыстырушы антидене титрі бір жылға дейін сақталатындығы анықталды. Превентивті препараттың тәжірибелік үлгісі вакцинаға қойылатын стерильдік, залалсыздық, иммуногендік талаптарына сәйкес келді. Препараттың оңтайлы сақтау мерзімі 4-6°C-та 12 айды қамтыды. 6-18 айлық бұзаулардан іріктеліп алынған 26 бұзаудан тұратын екі тәжірибелік топтың алғашқысына вакцина тері астына, ал екінші топқа бұлшық етке иммунизацияланды. Бақылау тобындағы 27 бұзауға тек Montanide ISA 70 VG адъюванты тері астына егілді. Моракселлаға қарсы антидене титрінің ең жоғарғы көрсеткіші тері астына егілген тәжірибелік жануарларда 1:184 (+48,5%-32,7%), ал бұлшық етке егілген бұзауларда 1:160 (+30,1%,-23,1%) құрап, 12-ші айда 17 (+14,1% -12,3%) және 10 (+14,1% -12,3%) көрсетті. Бақылау тобындағы бұзауларда комплементті ұзақ байланыстыру реакциясында гемолиз тежелуі байқалмады. Иммунитет қарқындылығы 97%, ал иммунделмеген бақылау тобында індетті кератоконъюнктивиттің клиникалық көрінісі 77,5% жануарларда тіркелді.