ӘУЛИЕКӨЛ ТҰҚЫМ МАЛДАРЫНЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫҚ ЖӘНЕ ӨНІМДІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2022-2-2-11-21
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Ақтөбе облысы Алға ауданында орналасқан «Реймкул» шаруа қожалығындағы әулиекөл тұқымының өсу, даму ерекшеліктері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Қазақстанның батыс аймағы бойынша әулиекөл тұқымының өсу даму ерекшеліктерін зерттеу ірі қара шаруашылығының дамуына, соның ішінде отандық тұқым санының көбеюіне үлесін қосады. Зерттеу жұмыстарында әулиекөл тұқымы сиырлары, бұқалары және төлдерінің экстерьерлік ерекшеліктері және төлдерінің өсу даму көрсеткіштері көрсетілген. «Реймкул» шаруа қожалығы 2010 жылдан бастап аулиекөл тұқымын өсірумен айналысады және әулиекөл тұқымы бойынша Республикалық палатаның мүшесі болып табылады. Әулиекөл тұқымы сиырлары, бұқалары және төлдерінің тірілей салмағы мен негізгі дене өлшемдері алынды:шоқтығының биіктігі,құйымшағының биіктігі,кеуде енділігі мен тереңдігі,сербек аралық енділігі,тұрқының қиғаш ұзындығы,кеуде орамы,жіліншік орамы.Әулиекөл тұқымы бұқашықтарының салмағы 6 айлығында 229,3 кг-ды, 8 айлығында 269,7 кг-ды, 12 айлығында 370,7 кг-ды құрады.Ал қашарларыныкі 6 айлығында 227,5 кг-ды, 8 айлығында 259,6кг-ды, 12 айлығында 339,8 кг-ды құрады. Жануарларды экстерьері бойынша бағалау жануарлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, олардың қоңдылығын, тұқымдық тиесілігін, өнімділік бағытын анықтау тәсілі болып табылады. Ерте жастағы бұзаудың өнімділігі мен өсуі және өсу себептерін анықтау мүмкіндіктерін іздеудің маңызы зор.