БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕЙМИФИКАЦИЯ ТРЕНДІ (ТАРИХ ПӘНІ МЫСАЛЫНДА)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.029
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада тарих пәнін оқытудағы геймификация интерактивті оқыту құралының маңызды-лығы мен қолдану аясына қатысты мәселелер талданады. Геймификация –білім алушылардың оқу белсенділігін арттыру, танымдық қызығушылығын ынталандыруға бағытталған интерактивті технология. Геймификацияның білім берудегі басты потенциалы оқу үдерісіне ойын элементтерін енгізу, берілген мәліметтерді игеру және сол арқылы мақсатқа жету. Осы мақсатқа жетуде танымал сандық құралдар, мобильді қосымшалар мен контенттерді қолдануға болады және ол өз нәтижесін беруде. Бұл оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болып отыр. Мектеп оқушыларының геймификация туралы білім деңгейін анықтау, тарих пәнін оқытуда геймификацияны қолданудың артықшылықтары және оның білім алушылардың оқу сапасын арттыруға тигізген оң әсеріне қатысты жүргізілген зерттеулер нәтижелері ұсынылады. Сонымен қатар, отандық және шет елдік зерттеушілердің геймификацияға қатысты ғылыми тұжырымдары мен көзқарастарына талдау жасалады. Негізгі қолданылған әдістер ретінде ғылыми-педагогика-лық еңбектерге талдау жасау, сауалнама, тәжірибелік зерттеу, бақылау әдісі мен тарихи зерттеу-лерге салыстырмалы талдау жасау жүргізілген. Нәтижесінде тарих пәнін оқытуда ойын элемент-терін енгізу және қолданудың артықшылықтары мен дидактикалық ерекшеліктері ғылыми тұрғы-дан дәлелденді. Мақалада мектептегі тарих пәнін оқытудағы геймификация құралын қолданудыңаспектілері мен ережелері және тәжірибелік нәтижелері ұсынылып отыр.