БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ КҮРЕС: КЕЗЕҢДЕРІ, НЕГІЗГІ ШАЙҚАСТАРЫ, ӘСКЕРИ ТАКТИКАСЫ (1836-1838 жж.)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақхалқының өткен тарихында азаттық жолында болған көтерілістердің алатын орны ерекше. Осы көтерілістер тарихын сараласақ негізінен басты мақсаттары халық азаттығы, ел дербестігі болғанмен көтерілістердің жүрісі, кезеңдері және көтерілісшілер ұстанған соғыс тактикасында айырмашылықтар бар. Кеңестік тарихнамадағы көтерілістерге берілген «шаруа-лар соғысы», «басбұзарлық әрекеттер», немесе «монархиялық» деген тұжырымдарды көтеріліс тарихын шынайы зерттеп, ой қорытқанда ғана әр көтерілістің жүрісімен тактикасы әртүрлі болғанмен, негізгі мақсаты ел тәуелсіздігі екенін байқаймыз, мойындаймыз. 1936-1839 жылдар-дағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған халық күресінің басты идеясы да ел мен жер үшін шайқас еді. Көтерілістуралы соны зерттеулер арқылы оның екі кезеңнен тұратыны, көтерілісшілер мен жазалаушы әскер арасында негізгі екі ірі шайқас Тастөбе шайқасы мен Ақбұлақ шайқасының өткенін, көтерілісшілердің соғыс жүргізу тактикасында, қару-жарақтарында да өз заманына сай ерекшеліктер болғанына көз жеткіздік.Әрине, көтеріліс нәтижелі болуы үшін оны жақсы ұйымдастыру, қару-жарақ, азық-түлігін толық сайлап және ұрыс барысында жазалаушы әскерге қарсы қолайлы соғыс тактикасы мен стратегиясын ұтымды пайдалана білу ұрыс тағдырында шешуші рөлатқаратыны сөзсіз. Сондықтан Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісшілердің әскери өнеріне назар аудару маңызды.