ОРТА АЗИЯДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2025.85.1.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару мәселелері жан-жақты сараланады. Алдымен су арналары мен су қоймаларын салудың тарихи үдерісі қарастырылып, Орталық Азия елдері-не негізгі су ағынын жеткізетін екі ірі бассейн – Әмудария мен Сырдария талданады. Тарихи дамудың өзі аймақ мемлекеттерінің су ресурстарын басқарудағы маңызды рөлін айқындауға үлкен ықпал етті. Кеңес Одағы кезеңінде суды орталықтандырылған түрде реттеу бүкіл Одаққа ауыл шаруашылығы өнімдерін таратуға мүмкіндік берді. Алайда, КСРО ыдырап, елдер тәуелсіздігін алғаннан кейін, Орталық Азия мемлекеттері су және энергетикалық дағдарысқа тап болып, трансшекаралық ағынды суларды ауыл шаруашылығы мен энергия өндірісіне бөлу өзекті мәселеге айналды. Мақалада сондай-ақ су ресурстарын басқарудағы қиындықтардан зардап шегетін Орталық Азия елдері мен олардың негізгі шекаралары талданып, осы жағдайға әсер ететін маңызды факторлар көрсетіледі. Мемлекетаралық деңгейде мәселені шешудің негізгі жолдары ұсынылып, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тұжырымдамаларды біріктіру арқылы ортақ құқықтық базаны қалыптастырудың қажеттілігі айтылады. Қазіргі уақытта заңгерлер, тарихшылар, географтар және әртүрлі сала мамандары су қорын қамтамасыз ету және пайдалану мәселелерін терең зерделеуде. Мақалада Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару жайы кешенді зерттеліп, бес мемлекеттің жағдайы және тарихи-посткеңестік кезеңнің қазіргі ахуалға ықпалы талданады.